389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның Жарма ауданында өлкетану музейі жаңартылды

  • 140
  • UPD: 22:44, 06.10.2019
ШҚО-ның Жарма ауданында өлкетану музейі жаңартылды

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында өлкетану музейі қайта жаңғыртылды. Енді өңір тарихы кеңестік дәуірмен шектелмейді.

Оған дейінгі тарихи кезеңдер туралы мәліметтер көбейеді. Мұнда сонау сақ дәуірінен бастап батырлар мен билер, шешендер туралы құнды деректер жиналған. Ақтайлақ биден бастап, 17 ақын, Ақтамберді, Ер Жәнібек сияқты батырлар, Абайдың дарынды шәкірті Әріп Тәңірбергенұлы туралы ақпараттар ел ішінен жинақталыпты. Барлығы 12 мыңнан астам жәдігер бар. Олардың ішінде Түрксіб темір жолының салыну тарихы, 19-ғасырдың екінші жартысында ішкі Ресейден осы өңірге қоныстанған ұлттар мен ұлыстар туралы да кеңінен мәліметтер табылады. Музейдің цифрлық нұсқасы да жасалып, жұртқа ұсынылған. 

Жанат Есенжолова, музей жетекшісі:

- Аудан осы жерде 1928-жылы Жарма ауданы болып құрылғанымен біздің ауданның жерінде тіпті сонау сақ дәуірінен бастап адамдар тұрғанының белгісі болатын заттар табылып жатыр. Аршалы ауылдық округіне қарасты Жарықтас деген жерде сақ дәуіріне жататын патша қорымдары табылды. Ол жай патша қорымы емес, одан сол жердегі зергерлердің еңбегін тануға болады. Алтын бұйымдар шықты, тастан жасалған моншақтар немесе алтын әшекейлер, ұсақ қапсырма камзолға тағатын, киімге тағатын, міне осындай алтын әшекей бұйымдар шығып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы