386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Актриса Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды

  • 508
  • UPD: 13:34, 05.11.2019
Актриса Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды

Кеңес одағының әрі қазақстандық театр және кино әртісі Раиса Мухамедиярова қайтыс болды, деп хабарлады Tengrinews.kz. 

Хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады. 

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. «Менің атым Қожа», «Песня зовет», «И в шутку и всерьëз», «У подножья Найзатас», «Однажды и на всю жизнь», «Человек-олень» фильмдерінде түскен. 

1964 жылы Раиса Мухамедиярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шыққан.

Хабар 24 телеарнасы