420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктің танымал джаз клубы қазақстандық орындаушыларға қызығушылық танытты

  • 288
  • UPD: 12:33, 25.07.2020
Нью-Йорктің танымал джаз клубы қазақстандық орындаушыларға қызығушылық танытты

Нью-Йорктің танымал джаз клубы «Бёрдлэнд» қазақстандық орындаушыларға қызығушылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемияға қарамастан, уақытша карантинге жабылған америкалық музкыканттар алда жоспарланған концерттік бағдарламаларға қызу дайындықты бастап кеткен. Джаз-клубтың басшысы Джианни Валенти қазақстандық әнішілермен серіктестік орнатқысы келетінін жеткізді. Оған себеп – жақында ғана «Бёрдлэнд» сахнасында өнер көрсеткен отандасымыз Диаз Мусалимовтің өнер көрсетуін қатты ұнатқан. Ол Нью-Йоркта хит болған өзінің I am from Kazakhstan әнін орындапты. Айта кетейік, «Бёрдлэнд» джаз клубы осыдан 70 жыл бұрын ашылған. Бұл ғимараттың сахнасында талай танымал жұлдыздар өнер көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы