420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті

  • 190
  • UPD: 13:00, 29.07.2020
Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық America’s Got Talent жобасының үшінші турына өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтіп жатыр. Кеше әлемнің барлық жерінен қатысатын конкурсанттар онлайн форматта бақ сынасты. Данэлияның өнері қазылар алқасы арасында ешбір талқылаусыз бірауыздан қабылданды.

Енді қазақстандық әнші үшінші турға дайындалып жатыр. Әзірге бұл тур қашан әрі қалай өтетіні белгісіз. Сонымен қатар ол қандай әнді орындайтыны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы