426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы метросында Абай әндері шырқалды

  • 212
  • UPD: 23:54, 12.08.2020

Алматы метросында Абай әндері шырқалды. Мәдени-рухани іс шара ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына арналған.

Ақынның «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Япурай», «Сегіз аяқ», «Қараторғай», «Жиырма бес» сынды шығармалары орындалды. Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестірінің  мүшелері орындаған бұл туындыларды жолаушылар тамсана тыңдады. Жалпы Абайдың 20-дан астам әні нотаға түсірілген.

Әсет Жұмабаев, Құрманғазы оркестірінің мүшесі:

- Абайдың әні бүкіл шартарапқа созылып кеткен. Небір компазиторлар жазды. Абай әндеріне ақындардың жазған қаншама өлеңі бар. Кәсіби композиторлардың оратория, реквием  немесе хормен көп дауысты шығармалар жазған.

Нұртаза Пірімқұлова, қала тұрғыны:

- Міне енді әншілерге ризамыз. Керемет әндерді орындап жатыр. Балаларымыз да сондай әндерді орындай берсін.

Хабар 24 телеарнасы