420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде құрылыс жүріп жатқан жерден көне қорғандар табылды

  • 145
  • UPD: 23:40, 02.11.2020
Семейде құрылыс жүріп жатқан жерден көне қорғандар табылды

Семейде сауда орталығының құрылысы жүріп жатқан жерден бірнеше мың жылдық тарихы бар көне қорғандар табылды.

Археологтар әзірге бұл ескерткіштер біздің заманымызға дейінгі ерте темір дәуіріне тиесілі деген болжам жасап отыр. Ағаштан салынған қорғандардан бөлек қыш ыдыстардың қалдығы табылған. Бір өкініштісі, жәдігерлердің тек азын-аулақ жұрнақтары ғана қалыпты. Осыдан 30 жылдай уақыт бұрын бұл жерде дене шынықтыру сауықтыру кешені салына бастағанымен кейін тоқтап қалған. Ал жаңа сауда үйінің іргетасы 2 жылдан бері бой көтере бастады. Яғни бұл қорғандар бұған дейінгі құрылыс кезінде бүлінген бе, жоқ әлде кейін жойылды ма, ол жағы нақты белгісіз. Қазір археологтар құзырлы органдармен бірге осы құнды ескерткіштерді тереңірек зерттемек. 

Айдын Жүнісханов, археолог: 

- Жұмысшылар хабарласып, осындай-осындай дүние таптық деп. Сол кезде кездейсоқ табылған болатын бұл. Арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қарасақ, 4 қорғанның ізі анық байқалады. Былай қимасынан 4 қорған. Оның 95 проценті сүріліп кеткен. Тек артқы қабырғалары қалған. Алдын ала шамамен болжам бойынша Есік қорғандары мен Берел қорғандарына ұқсастығына қарап, оның сол біздің заманымызға дейінгі 4, 3-ғасырлар болуы мүмкін деп болжап отырмыз әзірге. Бірақ нақты датасы, нақты мерзімін радиокарбондық анализ жасағаннан кейін айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы