422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Шымкент – ТМД мәдени астанасы 2020» жылы аяқталды

  • 54
  • UPD: 22:47, 22.11.2020

ТМД мәдени астанасы эстафетасы Тәжікстанға табысталды.

Халықтың тілегі жазылған кітап пен қызғалдақ түйнегі тиелген керуен Жібек жолы бойымен су жаңа мәдени астана атанған Душанбеге аттанды. Ал Шымкентте «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы 2020» жылы салтанатты жағдайда жабылды. Мәдени іс-шара онлайн форматта, әрі тікелей эфирде ескі қалашықтағы тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов мәдени жылдың қорытындысын жариялады.

Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болып белгіленді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мерекелік іс-шаралардың дені ТМД елдері өкілдерінің қатысуымен онлайн өткізілді. Жалпы мәдени астана жылы аясында 2 мыңға тарта ісшара өткізіліп, оған 1 миллионнан астам көрермен қатысқан. Жыл қорытындысына оң баға берген қала әкімі Мұрат Әйтенов эстафетаны Душанбе қаласына табыстады.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

– Қаламыздың ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы – біз үшін үлкен мақтаныш. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен шуақты Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруі абыройымызды асырды. Туған қаламыздың мәртебесін арттырған осы іс-шараларды өткізуге көмекші болған барлық отандасымызға алғысымды білдіремін.

Салтанатты шарада ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев онлайн байланыс арқылы қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы мерекелік құттықтауын жолдады. Жиынға арнайы қатысқан Тәжікстанның Алматы қаласындағы Бас консулы Баходур Назир мырзада шым шаһардың қонақжайлығын тілге тиек етті.

 

Боходур Назир, Тәжікстан респуликасының Алматы қаласындағы бас консулы:

– Душанбе қаласының 2021 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы бізге зор жауапкершілік жүктейді. Осы арқылы еліміздің мәдениеті жанданады. Біз бұл маңызды шараға үлкен жоспар құрып отырмыз. Бұл мемлекетіміздің мәртебесін көтеретін болады.

Шымкенттің 2200 жылдығына орай 2200 кітап, 2200 тұмарға жазылған халықтың тілегі және 2200 қызғалдақ түйнегімен толтырылған керуен Жібек жолымен  Душанбеге аттанды.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы