419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Түркі әлемі және Елбасы феномені» атты халықаралық жиын өтті

  • 112
  • UPD: 13:54, 26.11.2020
Елордада «Түркі әлемі және Елбасы феномені» атты халықаралық жиын өтті

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға түркітанушы ғалымдар, академиктер мен Қазақстандағы бауырлас елдердің елшілері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлеміне сіңірген үлесі мен орны туралы баяндап, пікір алмасты. Халықаралық түркі академиясының қолдауымен өткен жиында Тұңғыш Президенттің халықаралық саясаттағы рөлі де сөз болды.

Еске салайық, былтыр Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланып, кеңестің жоғарғы марапатын иеленді.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясы президенті:

- Елбасы тәуелсіздік алған 1990 жылдардан бастап түрік интеграциясына аса мән беріп келеді. 1990 жылдарда Орта Азия ынтымақтастығын құру туралы бастама көтергені белгілі. Сонымен қатар азаттықтың арайлы таңынан сонау 90-жылдардан бастап Түркі мемлкеттерінің мемлекет басшыларының самиттері барлығы соған үзбей қатысты. ТҮРКСОЙ, Түркітілдес мемлекеттердің ақсақалдар кеңесі және халықаралық академиясының құрылуына бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы