417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайберген «Виктория-2020» премиясында өнер көрсетті

  • 310
  • UPD: 10:45, 04.12.2020
Димаш Құдайберген «Виктория-2020» премиясында өнер көрсетті

Кремль сарайында «Виктория-2020» музыкалық сыйлығы өтті.

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты рәсім алғаш рет көрермендерсіз өтті, деп хабарлады dimashnews.com.

Қызыл кілемге Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Олег Газманов, Артур Пирожков және басқа да танымал әншілер шықты. Олардың қатарында Димаш Құдайберген де бар. Ол – «Виктории-2020» сыйлығының «Үздік поп-орындаушысы» номинанты.

«Біз Димаштың осындай белді сыйлыққа ұсынылғанына өте қуаныштымыз және ол атақты әртістермен қатар шараға қатысады. Іс-шара көрерменсіз, тек телевизиялық форматта өтетіні өкінішті», – деді әншінің продюсері және әкесі Қанат Айтбаев.

Димаш композитор Игорь Крутойдың әні, мәтінін әлемге әйгілі әнші Лара Фабиан жазған Your Love әнін орындады.

Хабар 24 телеарнасы