420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ну, погоди» авторларының бірі қайтыс болды

  • 98
  • UPD: 18:13, 21.12.2020
«Ну, погоди» авторларының бірі қайтыс болды news.mail.ru

Орыс жазушысы, драматург, «Ну, погоди» авторларының бірі Александр Курляндский қайтыс болды.

Бұл туралы Эхо Москвы сайтына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, Александр Курляндский 83 жасында қайтыс болды. Бұл мәліметті басылымға жазушының туыстары растады. Бірақ оның неден қайтыс болғаны айтылмады.

Курляндский 10 сериялы «Великолепный Гоша», 3 сериядан тұратын «Возвращение блудного попугая» мультсериалдардың авторы.

Сонымен қатар, ол «Вы не были на Таити?», «А нас и здесь неплохо кормят!», «Прелестно!», және «Попугай Кеша ищет клад» атты 4 повесть жазған.

Жазушы әзіл әңгімелердің де авторы болып саналады. Олардың бесеуі «Ералаш"» киножурналына енген.

1970 және 1977 жылдары Александр Курляндский 2 рет «Золотой теленок», «Клуб 12 стульев», «Литературной Газеты» сыйлығына ие болған.

Хабар 24 телеарнасы