385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Қызылордадағы агрокешеннің жұмысымен танысты

  • 524
  • UPD: 16:54, 14.01.2017

«Ауыл шаруашылығына жаңа технология енгізу үшін мемлекеттік қолдау аясын кеңейте түсу керек».

Сыр бойындағы шаруалар халық қалаулыларына осындай ұсыныс жасады. Мәселеге қаныққан Мәжіліс депутаттары Қызылорда қаласындағы «Жан-Арай» агрокешенінің жұмысымен танысты. Мұнда жылына 30 мың тонна өнім шығаратын өңірдегі жалғыз құрама жем зауыты бар. Сондай-ақ кәсіпорын тәулігіне 150 тонна күріш ақтайды. Одан бөлек, қаз бен үйрек етін өндіруді жолға қойған. «Өңірде жаңа технологияға негізделген осындай өндіріс орындарын көптеп ашу үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы зор», - дейді мамандар.

Абзал Ералиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Инвест субсидия дейміз, мына техникаға берілетін субсидиялардың көлемі биылғы жылы бюджеттен 25 миллиард теңге қаралған. Бірақ қазіргі сұраныс осы шаруашылықтар тарапынан бірнеше есе асып кетіп тұр. Қосымша оған қаражат керек. Біз ертең жұмысқа түскеннен кейін Мәжіліске сол мәселелерді қарап, осы шаруаларға көмектесу жұмыстарын жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы