378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында заңсыз балық аулау тыйылар емес

  • 660
  • UPD: 11:21, 18.01.2017

Өңірлік табиғат қорғау прокурорлары бекіре тұқымдас балықтар тиеген автокөлікті ұстады.

«Форт-Шевченко-Тамшалы» бағытындағы күре жолда күдікті машинаны жол сақшылары тоқтатып тексерген кезде 36 келі тартатын 12 балық табылып тәркіленді. Қаскөйлердің заңсыз әрекетін көліктің жүк салғышынан табылған жүрдек қайықтың моторы да әшкере етті.

Жеңісбек Айтжанов, облыстық табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

- Мемлекетке келген шығын 364 мың теңге. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335 және 339-баптарымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы