386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның шаруалары 5 жарым мың бас асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отыр

  • 589
  • UPD: 17:05, 09.03.2017

Батыс Қазақстан облысының шаруалары биыл құны 5 жарым мың бас асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отыр.

Ал диқандар мал азығы дайындалатын алқаптар көлемін бірнеше есеге арттыруға ниетті. Бұған өңірде қолға алынған ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары оң септігін тигізгелі тұр. 2021 жылға қарай 120 мың гектар лимандық суландыру жүйесі қалпына келтіріледі. Сонда суармалы алқап көлемі 600 мың гектарға жетеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін таяу жылдары тағы 8 миллиард теңге қаржы бөлінеді, - дейді сала басшылары.

Арман Өтеғұлов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Бағдарлама аясында 1 сәуірден бастап жылдың аяғына дейін 12 ауыл шаруашылығы кооперативі, 505 мал бордақылау алаңдары, жаңағының сыртында 1 сүт қабылдау пункті, 8 мал сою пункті, 10 рефрижератор және 10 мал сою пунктін жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы