385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев: Мемлекеттік мекемелерде, әуежайлар мен вокзалдарда тек отандық телеарналар қосулы болу керек

  • 410
  • UPD: 22:14, 27.04.2017

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен өткен жиында осы мәселе айтылды.

Сондай-ақ «Бюджет», «Кәсіпкерлік», «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодекстеріне және «Дербес деректерді қорғау», «Рұқсаттар және хабарламалар», «Телерадио хабарларын тарату» туралы Заңдарға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Заң жобасы талқыланды. Құжатты әзірлеу кезінде азаматтардан 200-ге жуық ұсыныс келіп түскен. 140 ұсыныс ескеріліп, жан-жақты сараланды. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарында оқыс оқиғалар кезінде зардап шеккен азаматтар мен балалардың фотосуреттерін және жеке деректерін жариялауға тыйым салынбақ. Ереже бұзылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының қызметі 3 айға тоқтатылады. Алайда кей жағдайларда бұл норма ескерілмейді. Құжат қазір Үкімет қарауында жатыр.

Даурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Заң жобасын әзірлеу барысында біз азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды назарға алдық. Оның ішінде балаларды қажетсіз ақпараттан қорғау, фотосуреттер мен жеке деректерді жариялаудағы шектеу, баланың жасына сәйкес келетін ақпарат секілді түсініктерді енгіздік. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде пікірталастардың шектен шығуы да өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан біз осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы