384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды үкімет порталы арқылы 6 мыңнан астам адам емханаға тіркелді

  • 988
  • UPD: 16:30, 05.05.2017
Электронды үкімет порталы арқылы 6 мыңнан астам адам емханаға тіркелді Kursiv.kz

Елімізде «Емханаға тіркел – МӘМС жүйесіндегі мәртебеңді анықта» кампаниясының бірінші айында egov.kz порталы арқылы 6654 азамат тіркелді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында емханаға онлайн-тіркелу қызметін 19 мыңнан астам азамат қолданды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 5 сәуір айында ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін халықты емханаға тіркеу бойынша кампания басталды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл жұмыс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу шеңберінде өткізіледі. Емханаға тіркелу тәсілдерінің бірі – электронды үкімет порталындағы онлайн-қызметін пайдалану. Бұл ретте электронды цифрық қолтаңба (ЭЦП) қажет емес.

Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өту қажет. Содан кейін сізге бар болғаны «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызмет атауын таңдау жеткілікті.

Әрі қарай «Онлайн сұрау» батырмасын шертіп, азамат туралы деректерді көрсете отырып, сұрауды толтыру және өтінішті жіберу керек.

Емханадағы жауапты қызметкер сұранымды алып, тіркелу туралы талон рәсімдейді. Қызмет тегін көрсетіледі. Мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Қызмет көрсету регламенттік мерзімнен асқан жағдайда, тіркелу сұранымы жіберілген медициналық ұйымға жолыққан жөн.

Хабар 24 телеарнасы