Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз ортопедиялық стоматология мамандарына тапшы

  • 997
  • UPD: 11:45, 15.06.2017

Қазақстанда ортопедиялық стоматологияның қыр-сырын жетік білетін мамандар саусақпен санарлық.

Бүгінде талай науқастың алғысына бөленіп, медицинаның майталманы атанған жандардың бірі – Асылбек Есіркепов. Ақ халатты білікті маманның адами болмысы мен парасат пайымы мол.

Бала жастан тіс дәрігері болуды армандаған Асылбек Есіркепов 1982 жылы Алматыдағы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдап, еңбек жолын өзі туып өскен Оңтүстік Қазақстан облысынан бастайды. Уақыт өте жаңа мақсат-міндеттерді бағындыруды көздеген ол ортопедиялық стоматологияны терең зерттеуге ден қояды. Қажырлы еңбек пен ерік-жігердің арқасында қазір осы саланың білгір маманы атанып отыр.

Асылбек Есіркепов, Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер:

 Бұл  күрделі жақ-бет протездерін дайындау кабинеті. Мұнда біз операциядан кейінгі жақ-бет аймағындағы кемістіктерге ортопедиялық ем көрсетеміз.

Асылбек Есіркепов – 30-дан аса ғылыми жұмыстың авторы, ортопедиялық стоматология саласына көптеген жаңалық енгізген маман. Өзі басқарып отырған Асфендияров университетінің стоматологиялық клиникасында қазір түрлі қызмет көрсетіледі. Атап айтар болсақ, күрделі жақ-бет протездерін дайындау, буын және ауыз қуысының шырышты қабат ауруларын емдейтін еліміздегі жалғыз орталық осы.

Балаларынан білімді бірінші талап ететін ол  бес ұл-қыздың әкесі. Үлкен қызы заңгер мамандығын таңдапты. Ал егіз ұлы биыл физика-математика мектебін тәмәмдап отыр. Кіші қызы әке жолын қууы мүмкін дейді жұбайы.

Замира Шәріпбайқызы, жұбайы:

 Сыртта ол қатал, талапшыл болғанымен жанұяда мейірімді әке, жүрегі жұмсақ кісі. Еңбекқор. Балаларына қамқор әке.

«Дене тәрбиесі – денсаулық кепілі» деген қағиданы қатаң ұстанатын дәрігердің таңертеңгісін жаттығу жасауы  күнделікті әдеті. Қолы қалт ете қалса, достарымен бильярд ойнап, салауатты өмір салтын ұстанады.

Қанат Дүйсебаев, досы:

– Асылбек туралы көп жақсы нәрсе айтуға болады. Әділ азамат. Досқа жанашыр. Біреуге жақсылық жасағысы келіп тұратын жақсы мінез-құлықтары бар.

«Асылбек Есіркепов білікті дәрігер ғана емес, өзгелерден көмегін аямайтын мәрт мінезді жан» дейді әріптестері.

Оның азаматтық болмысын биіктетіп тұрған осындай қасиеттері болса керек.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабев, Айдар Әбдешов

Хабар 24 телеарнасы