384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А. Мамыкин: Қазақстанның жетістігі Елбасы еңбегімен байланысты

  • 559
  • UPD: 07:31, 22.06.2017

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Бүгінде дүние жүзінің қай бұрышына барсаңыз да Қазақстан десе, Назарбаев деп қоса аталады.

Бұл дегеніңіз ел үшін жасалған еңбектің жемісі. Сондықтан Астананың халықаралық әуежайын Президент есімімен атау өте орынды. Еуропалық парламенттің депутаты Андрей Мамыкин осылай деп өз пікірін білдірді.  

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламенттің депутаты:

-Таллин әуежайына Леннарт Меридің аты берілген. Ал Баку аэропорты Гейдар Алиевтің есімімен аталады. Кеннеди, Шарль де Голль әуежайлары да бар. Айта берсек, мемлекет қайраткерлерінің есімі берілген әуежайлар баршылық. Тұлғаларға құрмет көрсету заңды құбылыс. Сіздердің президенттеріңіз елдеріңіздің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Біз сырттай бақылап отырамыз. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне бағытталған көптеген бағдарлама жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда ЭКСПО көрмесі болып жатыр. Халықаралық іс-шараның қазақ жерінде өтуіне де Нұрсұлтан Назарбаев айрықша атсалысқанын жақсы білеміз.

Хабар 24 телеарнасы