387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда әскери-техникалық мектептің 240 оқушысы әскери ант берді

  • 1012
  • UPD: 08:54, 22.06.2017

Салтанатты шара 28-ші панфиловшылар паркінде өтті. Елімізде әскери-техникалық мектеп 17 жыл бұрын құрылған.

Осы уақыт аралығында білім шаңырағында 28 мың адам әскерге даярланған. Олар негізінен әскери борышын өтемеген 22-27 жас аралығындағы жоғарғы білімді азаматтар. 40 күндік оқу мерзімі кезінде сарбаздықтың қыр-сырын үйреніп, әскери билет алып шығады.

Бұдан бөлек, еліміздегі 15 әскери-техникалық мектепте үш айлық әскерге дайындау курстары бар.  

Олжас Қалығұлов, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушісі:

-Ант қабылдай отыра, біз мектепте саптық шынығу, қорғанудағы іс-әрекеттерді АК-74 автоматын шашып, жинауды үйрендік. Осы үйренгеніміз Отанымыз Қазақстан Республикасын қорғауда көмегін тигізеді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы