389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Air Astana» Үндістан мен Қазақстан елордалары арасында әуеқатынас орнатады

  • 643
  • UPD: 22:44, 30.06.2017
«Air Astana» Үндістан мен Қазақстан елордалары арасында әуеқатынас орнатады sapsan.tutu.ru

2 шілдеден бастап «Эйр Астана» Астана-Дели-Астана бағытында аптасына 3 рет Airbus A320 және Embraer 190 әуе кемелерімен ұша бастайды.

Астанадан Делиге ұшу ұзақтығы 4 сағат 5 минут, ал Делиден Астанаға 4,5 сағат.

Дели жолаушыларына Мәскеу, Санкт-Петербург, Ыстамбұл және басқа да қалаларға Астанадан ыңғайлы түйісулерге қол жетімді болады.

Астанадан Делиге барып-қайту әуе билетінің ең төменгі құны, барлық салықтарды қоса алғанда және эконом-класта 89 мың 883 теңгені құрайды.

Айта кетейік, Алматы мен Дели арасындағы әуеқатынас 2004 жылдың 4 қыркүйегінде орнатылды. Осы уақыт ішінде 470 мыңнан астам жолаушы, 5 мың тонна жүк пен 4 тонна пошта тасымалданды.

Алматы-Дели-Алматы бағыты бойынша 2017 жылдың алғашқы 5 айы ішінде 33 343 жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% -ға жоғары.

2017 жылдың 5 шілдесінен бастап Астана-Дели-Астана бағыты бойынша барлық рейстер Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалы арқылы қабылданып жіберіледі.

1 маусым мен 10 қыркүйек кезеңі аралығында Астана қаласына келетін барлық халықаралық жолаушыларына, әуекомпания ЭКСПО көрмесіне тегін кіру билеттерін ұсынады. Бұл үшін әуекомпанияның airastana.com сайтында тіркеліп, көрмеге билет сату кассаларында ваучерді алмастыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы