384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қоршаған ортаға қатысты 5 мыңнан астам заң бұзу дерегі тіркелді

  • 424
  • UPD: 15:25, 19.07.2017

Ақмола облысында жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау бойынша 5 мыңнан астам заң бұзу дерегі анықталған.

Олардың 39-ы қылмыстық іс ретінде қаралып, тиісінше жаза қолданылған. Ал 300-ге жуық адам заңсыз аң аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Полицейлер  браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркілепті. Одан бөлек дала жануарларына да зиян келтіргендер де аз емес. Айта кетейік, 2015 жылдан бастап, заңсыз балық және аң аулағандарға жаза күшейтілді. Заң бұзғандар қазір үш жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 70 тәулікке темір торға тоғытылады. Ал өте сирек кездесетін аңды аулағандарға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырылады.

Гүлнар Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы: 

- Заңсыз аң аулағандардың көбісі «Қызыл кітапқа» енген елік, марал секілді аңдарға аңшылық жасағандар. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір де табиғатты қорғау полицейлері мұндай рейдтерді жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы