387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Қостанай облысының күндері өтіп жатыр

  • 399
  • UPD: 15:18, 06.08.2017

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 100 түрінен 650 тоннаға жуық азық-түлік жәрмеңкеге қойылған.

Бағалары көңілге қонымды, қалтаны қақпайды. Дүкендегіден 15-20 % арзан. Облыстағы 11 аудан мен 3 қаланың сауда өкілдері тауарларын арқалап, Арқа төріне арнайы жеткен. Алтын дәннің астанасы атанған аймақ өнімдерінің өсімі, өзге өңірлерден оқ бойы озып тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары арзан азық-түлікті алумен қатар, осы күндері Қостанайдан келген ұжымның өнерін тамашалай алады.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

– Келіп жатқан адамдардың қарасы қалың. Жалпы елорданың тұрғындары Қостанайда өндірілетін өнімдерді, азық-түліктерді жақсы біледі. Кей тұрғындар осындай жәрмеңкені асыға күткендері рас.

Хабар 24 телеарнасы