382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Өрлеу» жобасы өркен жайып келеді

  • 579
  • UPD: 09:35, 27.10.2017

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары «Өрлеу» жобасына қатысып, қалауына қарай кәсіп түрлерін меңгеріп жатыр.

Мәселен, бір Абай ауданының өзінде жыл басынан бері әлеуеті төмен 32 отбасына жалпы сомасы 2,5 млн теңге берілген. Олардың бір бөлігі мал шаруашылығымен айналысып жатса, енді бірі тігіншілік, көлік жөндеу сияқты жұмыстармен шұғылданып жүр. Әлеуметтік жоба кірісі аз, тұрақты жұмысы жоқ отбасыларды жаңа кәсіпке баулуды көздейді. Ол үшін әрбір адам басына шаққандағы табысы 15 мың теңгеден аспауы тиіс әрі 6 ай бойы берілген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс. 

Жадыра Садықова, Құндызды ауылының тұрғыны: 

- Бұрын жұмыс болған жоқ, құр балалардың жәрдемақысымен күн көргенмін. Қазір өте жақсы болды. Айына 100 мың аламыз, 6 ай, 4 ай алдық, 2 ай бар. Мысалы, мал алдық біз. Мен бір жылқы, бір сиыр алдым. Келешекте тігінмен айналысайын деп іс машинасын алып, көршілерден түскен тапсырыстар бойынша заттар тігіп жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы