Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экологиялық таза көлік құрастыруға 16 млрд теңге бөлінді

  • 1683
  • UPD: 19:35, 31.10.2017

Осылайша мемлекет кәсіпкерлерді қоршаған ортаны аялауға ынталандырып отыр.

Бұл қаражат игеріліп, 18 мыңнан аса темір тұлпар сатылымға шығарылған. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты есеп берген еліміздің Энергетика министрі осылай деді. Жаңа көлікті сатып алуда жеңілдіктер қарастыратын купондар да қаржыландырылады. Бұл мақсатқа 7,9 млрд теңге бөлініп отыр. Осылайша көлік иелері де экологияны жақсартуға өздерінше үлес қосады. Ескісін тапсырып, жаңасын алу арқылы. Темір тұлпарды утилизациялайтын Қарағандыдағы зауыттың екінші кезеңі биыл желтоқсанда іске қосылады. Сөйтіп келер жылдан бастап 12 айда 50 мың көлік жойылады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: 

- Болашақта экологиялық таза көлікке жеңілдік қарастыратын 23 мың сертификат шығаруға қаржы бөлінеді. Бүгінгі күнге дейін 2827 көлік жеңілдік купонына ауыстырылды. Оларға 175 млн теңге төленді. Оның ішінде 700-і көлік сатып алды. Осыны ескерсек, болашақта қуаттандыру бекеттеріне деген сұраныс артады. Тек Астана мен Алматы қалаларында 100-ден аса электрмен қуаттау бекетінің инфрақұрылымын қалыптастыруға 390 млн теңге бөлініп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы