Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері қар жауып, ауа температурасы төмендейді

  • 807
  • UPD: 11:50, 02.11.2017

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым өңірінде жел тұрып, жаңбыр жауады.

Ресейдің Еуропамен шектесетін аймағынан ылғалды және салқын ауа ағыны келе жатыр. Сәйкесінше елімізде де ауа температурасы төмендейді. Бұл әдеттегі қалыптан сәл жоғары. Еліміздің оңтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланады. Мамандар болжамынша, таулы аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.

Лаура Сайлаубаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: 

- Қарашаның екісі Астана қаласында күндіз жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарашаның үші кей уақытта қар түріндегі жауын жауады. Және тұман, көктайғақ, екпінді жел күтеміз. Қарашаның төрті жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Қарашаның екісі Астанада түнде – +2+4, күндіз – +7+9. Қарашаның үші күндіз және түнде 0 градус шамасында, ал төрті түнде – -3-5, күндіз +2+4 шамасында күтіледі.  

Хабар 24 телеарнасы