384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында әлеуметтік және спорттық жаңа нысандардың қатары көбейеді

  • 725
  • UPD: 21:53, 01.11.2017

Бұл іске Әулиеата өңірінен шыққан табысты азаматтар өз үлесін қоспақ.

Аймақтың 10 ауданы мен облыс орталығында «Туған жерге туың тік» форумы өтті. Шара барысында өңірден өсіп-өнген тұлғалар Жамбыл жерінде өз қаражаттарына іске асыратын жобаларды жария етті. Мәселен, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туған ауылында 150 миллион теңгеге спорт сарайын салады. Еліміздің химия саласының флагманы саналатын «Қазфосфат» серіктесігі де облыс орталығынан зәулім спорт кешенін тұрғызбақ. Жалпы, форум нәтижесінде болашақта өңірде 2 миллиард теңгеден астам қаржыға ондаған жаңа нысан бой көтеретін болып шешілді. «Бұл біздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елге көрсеткен көмегіміз», – дейді форум қатысушылары.

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:

- Бәріміз оянып, үкімет тарапынан жағдай жасалып жатыр ма, енді ауылымызды өзіміз көтеруіміз керек. Сондықтан біз халықпен біріксек, алынбайтын қамал жоқ, жеңіске жетеміз.

Ерқанат Манжуов, облыс әкімінің орынбасары: 

- Тек ақшалай емес, материалдық көмек емес, өзінің білімін, біліктілігін көрсетіп келген азаматтар бар. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің баласы өзі келіп, кітабының тұсаукесерін жасап жатыр. Сондықтан әр адам өзінің үлесін қосады деп сеніп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы