386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алан Спенс: Латын әліпбиі шетелдіктердің қазақ тіліне қызығушылығын оятады

  • 989
  • UPD: 10:02, 27.11.2017

Медиа саласындағы британиялық сарапшылардың пайымынша, латынға көшу Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі дамуындағы қажетті қадам. Әліпбиді жаңғырту қоғамды ілгерілетуге кең технологиялық мүмкіндіктер береді, дейді олар.

Алан Спенс, Integrative Media Ltd компаниясының бас директоры: 

- Латынға көшу – Қазақстан үшін үлкен қадам. Батыс елдері үшін қазақ тілін түсіну қиынға соғатын. Латындану арқылы қазақ тілін меңгеру тезірек және оңайырақ болғалы тұр. Латын графикасы әлемдік қауымдастықтың біраз бөлігінде пайдаланылады. Бұл халықаралық бизнес тілі. Латынға көшу арқылы Қазақстан жаһандық экономикалық және қаржылық қауымдастықтың құрамдас бөлігіне айналады.

Хабар 24 телеарнасы