386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының сирек кездесетін фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды

  • 648
  • UPD: 13:53, 02.12.2017

Алматы музейінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт көшбасшысы» атты фото-құжаттық көрме ашылды.

Бұл жерге маңызды құжаттардың, бұйрықтар мен қаулылардың көшірмелері қойылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының ресми кездесулері мен бос уақытындағы биографиялық фотосуреттері де көрермен назарына ұсынылып отыр.

Оларға қарап Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолын көруге болады. Көрмеге 30 шақты фотосурет пен құжаттар  қойылған. Олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи сәттен сыр шертеді.  

Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президент архиві директорының орынбасары:

– Фотоқұжаттардың көбісі – 90-шы жылдардың басында түсірілген құжаттар. Оның ішінде Елбасының антын қабылдау фотоқұжаты, анттың түпнұсқадан түскен көшірмесі де бүгінгі көрмеге ұсынылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы