389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы қарақұмық өңдейтін нысан күніне 55 тонна өнім шығарады

  • 474
  • UPD: 15:20, 22.12.2017

Ел қамбасын астықпен толтырған Қостанай облысында қарақұмық өңдейтін зауыт іске қосылды.

Нысан күніне 55 тонна, ал жылына 16 мың тоннадан астам қарақұмық өңдеуге қауқарлы. Мұндағы жабдықтардың бәрі шетелден әкелінген. Бұл жерде 32 адамға жаңа жұмыс орны ашылды. Соңғы жылдары экономиканың талабына сәйкес, қостанайлық диқандар егістік алқабын әртараптандыруға көшкенін ескерсек, бұл өңдеу орнының өңір үшін тиімділігі зор болмақ. Себебі негізгі шикізат қарақұмық дақылы жергілікті шаруалардан сатып алынады.

Амангелді Қоқышов, кәсіпорын директорының орынбасары:

– Шығарылған өнімнің 10-15 пайызы ішкі нарыққа, қалғаны экспортқа жөнелтілмек. Оның ішінде Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, одан әрі Ауғанстанға жібереміз деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы