384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ ӘПК көлік жүргізушілеріне арналған жақсы жаңалықтармен бөлісті

  • 955
  • UPD: 13:45, 29.12.2017

Темір тұлпар тізгіндегендер үшін тың жаңалық!

Бұдан былай көлік жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырса, бұрынғыдай 10 емес, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал жолдың қарсы бетіне шықсаңыз, жүргізуші куәлігінен айырылмайсыз. Бұл жағдайда сізге 30 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл рәсімделеді. Мұндай жаңашылдықтар күні кеше Елбасы қол қойған жаңа заңда бекітілген. «Әкімшілік құқық бұзушылық кодекске толықтырулар енгізу туралы» құжатта бұдан басқа да біраз өзгеріс бар. Жалпы жаңа заңнамада жол жүру ережесінің 22 түріне айыппұл санын азайту көзделген.

Нұрсейіт Әбішев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы: 

- Сонымен қатар мүгедектердің көлік құралдарын қоюға арналған жерлерге басқа адамдар қойған жағдайда, қазіргі кезде 50 айлық көрсеткіш болатын болса, оны 10 пайызға азайту көзделіп отыр. Сонымен қатар осы заңмен айта кететін болсақ, тек қана әкімшілік хаттамаларға ғана 7 күннің ішінде төлейтін болса, 50 пайыз қысқартылған мерзімде төлеу мүмкіндігі қарастырылып отырса, осы заңмен арнайы тіркеу құралдары арқылы фотоаппарат, бейнежазбалар арқылы тіркелген құқықбұзушылықтары үшін 7 күн ішінде төлесе, бұл жағдайда да 50 пайызға азайтылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы