387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспийдегі кемелерді бақылау қағидасы өзгереді

  • 738
  • UPD: 22:40, 08.01.2018
Каспийдегі кемелерді бақылау қағидасы өзгереді Фото: Kursiv.kz

Каспий маңы мемлекеттері Қара және Жерорта теңіздеріндегідей порттарда кемелерді мемлекеттік бақылау бірыңғай режимін бекітуге шешім қабылдады.

Сол себепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басқа елдердің салалық ведомстволарымен порттық бақылауды іске асыру тәртібіне қатысты келісу жөнінде жұмыстар атқаруда.

Бірыңғайланған тәсіл теңіз кемелерінің техникалық қауіпсіздігін арттыруға және аймақта субстандартты кемелерді пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде теңіз апаттарының санын азайтуға, экипажы мүшелері мен жолаушылар өмірлерінің қауіпсіздігін арттыруға, көлік құралдары мен жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен бірге техникалық жағдайы жақсы кемелерді тексеру саны қысқарады және кеменің жүзу қауіпсіздігі тұрғысынан қауіпті көлік құралдарын тексеру үшін ресурстарды пайдалану тиімділігі артады.

Қазіргі уақытта Каспийде 1600-ге жуық теңіз кемесі пайдаланылуда. Олардың 320-сы Қазақстан туымен жүреді. 2017 жылы қазақстандық порттарға шамамен 2 мың кеме кірген, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі. 

Хабар 24 телеарнасы