384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымбұлақ тау шатқалында адасқан шетелдік саяхатшылар құтқарылды

  • 1125
  • UPD: 08:19, 23.01.2018

Шымбұлақ тау шатқалын аралауға шыққан чехиялық төрт азамат өздерінің қай аумақта жүргендері туралы мәліметті ұялы телефондары арқылы білдірген.

Шұғыл іздестіру тобы тау қойнауын аралап шыққанымен, адасқандарды тек JPS жүйесінің көмегімен ғана тапты. Төртеуі де дін аман. Олар Шымбұлақ тау-шаңғы кешенінің солтүстік қапталындағы 3 мың 600 метр биіктіктен табылған. Былтыр Универсиада кезінде дәл осы жерде ресейлік азамат қар астында қалып, көз жұмған еді.

Мәулен Қоңырбаев, ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитеті құтқару бөлімінің жетекшісі:

– Ол жер лавина опасная зоналар. Қар көшкіні болған. Қардың қалыңдығы 70-80 см барады. Сөйтіп түсіп бәріміз бірге, связка жасап, қауіпсіз зоналардан бірге өткізіп, сөйтіп отрядттармен шығардық бірге.

 

Хабар 24 телеарнасы