385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияның байырғы халқы елдің ұлттық күнін өзгертуді талап етті

  • 1722
  • UPD: 19:00, 26.01.2018

Австралияның ұлттық күні ондаған мың адам оны басқа мерзімге өзгертуді сұрап, наразылық шеруіне шықты. Өйткені акцияға қатысушылар оның тарихы отарлау кезеңімен және жергілікті байырғы халыққа қарсы қуғын-сүргінмен байланысты дейді.

Наразылық шаралары Мельбурнмен қатар елдің басқа да шаһарларында өтті. Ал «Австралия күні» деп аталатын бұл ұлттық мереке тарихы 1788 жылмен байланысты. Ол кезде ағылшындар кемемен қазіргі Сидней қаласы тұрған аумаққа келіп, оны иемденіп, қоныстана бастайды. Алайда байырғы халық өкілдері бұл күнді «жаулап алу»» деп қарастырады. Осы мәселеге қатысты дау әлі жалғасып келеді.

Билл Николсон, шеруші: 

- Ұлттық күнді атап өтуге қарсы емеспін. Бірақ оны басқа күнге ауыстыру жөн деп санаймыз. Өйткені тарихқа көз жүгіртсек, 26 қаңтар оны тойлайтын күн емес.

Хабар 24 телеарнасы