377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын отбасыларға 32 млн теңге бөлінді

  • 703
  • UPD: 22:01, 17.02.2018

Соңғы айда елімізде электр энергиясы төлемі 3 пайызға қымбаттады. Енді газ, су және жылу құны да өседі деген болжам бар. Сол себепті биыл Алматы билігі әлеуметтік әлсіз топқа енген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету үшін 32 миллион теңге бөліп отыр.

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге кететін шығын отбасы табысының он пайызынан асқан жағдайда беріледі. Мұндай қолдауға ие болу үшін тұрмысы төмен отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, куәлік көшірмесін мекен-жайы мен жұмыс орны жөнінде анықтама өткізуі тиіс. Сонымен қатар коммуналдық қызметтерге төленген түбіртектерді көрсетуі қажет.   

Рүстем Исмаилов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

- Егер де бір отбасының коммуналдық қызметтер төлемі 12 мың теңгені құрайтын болса ал отбасының табысы 70 мың теңгені құрайтын болса яғни 70 мың теңгенің 10 пайыздық мөлшері 7 мың теңгені құрайды. Яғни аталған отбасыға 5 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалады. Егер де коммуналдық қызметтер тарифі өскен жағдайда сәйкесінше тұрғын үй көмегінің мөлшері де көбейтіледі.

Хабар 24 телеарнасы