388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жетісулық жастарды жігерлендірді

  • 1143
  • UPD: 13:44, 07.03.2018
Елбасының бес әлеуметтік бастамасы жетісулық жастарды жігерлендірді

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысындағы Елбасының мәлім еткен 5 әлеуметтік бастамасы жетісулық жастарға да үлкен қуаныш сыйлады.

Ұлт көшбасшысының шәкіртақыны өсіріп, мемлекеттік грант санын көбейту туралы шешімі білім саласын дамытуға, сол арқылы білікті кадрлар даярлауға тың серпін береді. Бұл бастама ауыл жастарының жоғары білім алуға деген ұмтылысын арттырады. Сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа орналастырып, болашақта олардың баспана алуына жақсы мүмкіндік туып отыр. Біздің ендігі міндетіміз – алаңсыз білім алып, тәуелсіз Қазақстанның бір кірпіші болып қалану. Президенттің жастарға артқан сенімін ақтап, мемлекетіміздің өсіп-өркендеп, гүлденуі жолында аянбай еңбек етуіміз керек, – дейді Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері.

Арнай Байжорынов, студент:

- Шәкіртақы студенттерге жақсы оқуға, үлгерімін жақсартуға әсер етеді ойлаймын. Себебі қазіргі заманда материалдық жағдай әркімге де маңызды.

Сабина Дүйсеғұлова, студент:

- Елбасымыз жоғары білім алу үшін үлкен үлес қосып жатыр. Парламент отырысында қосымша 20 мың грант бөлінеді деп айтылды. Студенттер қауымына көрсетіп жатқан көмегі өте көп. Бұл дегеніміз бізден кейін түсетін студенттер қауымына өте үлкен мүмкіндік береді. Ақылы оқи алмайтын студенттер өте көп, сондай студеттерге үлкен мүмкіндік.

Хабар 24 телеарнасы