389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Александр Абрамов: Елбасы бастамасы адами капитал сапасының жақсаруына әкеледі

  • 507
  • UPD: 13:43, 18.03.2018
Александр Абрамов: Елбасы бастамасы адами капитал сапасының жақсаруына әкеледі

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасының экономикаға тигізетін оң әсері көп ұзамай-ақ көріне бастайды», – дейді экономистер.

Әсіресе, салық жүктемесінің төмендеуі мен шағын несиені ұлғайту елдің  экономикалық өсуін жеделдетуге септігін тигізеді. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға дейін арттыру туралы «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы экономика жоғары мектебінің профессоры Александр Абрамов мәлімдеді.

Александр Абрамов, Экономика жоғары мектебінің профессоры:

– Бір жағынан бұл бастаманың арқасында адамдар тұрғын үйін жақсартуға ұмтылып, білім алуға, көбірек жұмыс істеуге тырысады. Бұл адами капитал сапасының жақсаруына әкеледі. Ипотека, білім, шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру туралы айтсақ, аталған істер ұзақ мерзімді болады. Экономикалық тиімділігін байқау үшін аз дегенде 2-3 жыл қажет.

Хабар 24 телеарнасы