Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Доссор кенті гүлденіп келеді

  • 552
  • UPD: 08:10, 27.03.2018
Доссор кенті гүлденіп келеді

Атырау облысы Доссор кентінің тұрғындары биыл Наурыз мерекесін үлкен жетістіктермен қарсы алды.

Өткен жылы Доссорда 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілсе, екі балабақша күрделі жөндеуден өтті. Ал биыл кентішілік жолдың 4 жарым шақырымы жөнделді. Сондай-ақ кентті аралай өтетін Атырау – Бейнеу тасжолын айналма бағыт ету жобасы аяқталады. Енді тұрғындардың сұрауы бойынша кәріз суын аулаққа шығару қолға алынбақ. Оған арнайы жоба да жасалған.

Берікқали Сәрсенғалиев, Мақат ауданының әкімі:

– Халықтың сұрап жүргендерінің бірі – кәріз суларын далаға шығару. Осы бағыттада жоба жасалып, жұмыстар басталады. Сонымен бірге үлкен жобалардың бірі 1000 орындық стадионның жобасы жасалынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы