387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңіріндегі зауыт мамандары шетелде даярланады

  • 505
  • UPD: 21:16, 30.04.2018
Сыр өңіріндегі зауыт мамандары шетелде даярланады

Қызылорда облысындағы тампонажды цемент зауытында жұмыс істейтін мамандар Қытайда оқытылады.

Қазір ол үшін Шиелі ауданындағы техникалық колледждің 47 түлегі таңдалған. Жыл соңында іске қосылатын зауытқа 260 адам тұрақты жұмысқа қабылданады. Оның 250-і – қазақстандық, қалғаны – шетелдік мамандар. Өндіріске қажет жұмыскерлерді алдағы уақытта да шетелде оқыту жоспарда бар.

Айта кетейік, Қазақстан-Қытай біріккен кәсіпорнының өндірістік қуаты – жылына 1 млн тонна цемент өндіру. Жобаға 64 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Әшім Оразбекұлы, Шиелі ауданының әкімі:

– Кейбір нысандар бойынша кейде заттардың кешігуінен болады, кейде сол нысанға қажетті мамандардың шамалы кешігінкіреп қалуынан болады, бірақ қазір 25-30 күннен кешіккен 1 ғана нысан бар. Қалған нысандар өзінің уақытымен келе жатыр. Ол уақытында ертең сол кісілер келген кезде біз барлық жағдайды білеміз. Ол өзінің уақытында пайдалануға берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы