389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы жаңа ауданда ардагерлерге құрмет көрсетілді

  • 518
  • UPD: 18:08, 07.05.2018
Астанадағы жаңа ауданда ардагерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін Отан қорғаушы күніне орай жер-жерде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Ел іргесінің тыныштығын күзеткен және Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерге арналған жиын «Жастар» сарайында өтті. Елорданың жаңа ауданы – «Байқоңыр» әкімшілігі ұйымдастырған концерттік шарада жас өнерпаздар соғыс кезіндегі әндерді шырқап, 73 жыл бұрынғы жеңіс сәтінен көріністер қойды. Бүгінде соғысты көрген қарттардың қатары сиреп барады. Қазір елордада 95 соғыс ардагері бар, соның 24-і жаңадан ашылған «Байқоңыр» ауданы аумағында тұрады. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» деп өскен халық үшін ақсақалдарға жағдай жасау, олардың ақылын тыңдап, тәжірибесін үйрену қоғамдық маңызы бар іс», – дейді кейінгі буын өкілдері.    

Зейнолла Шибкенов, қалалық мәслихат депутаты:

- Соғыстың біткеніне жетпіс жылдан асып кетті. Қазір ардагерлеріміз азайып барады. Сондықтан осындай шаралар өткені жақсы ғой. Жаңа ауданымыз ардагерлерін шақырып құттықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы