384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсулық жастар ҰОС ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға көмек көрсетеді

  • 460
  • UPD: 11:30, 11.05.2018
Ақсулық жастар ҰОС ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға көмек көрсетеді

Ақсу қаласының ерікті жастары Ішкі істер департаментінің пробация қызметімен бірлесіп жас «Ұрпақ тәрбиесі» акциясын қолға алды.

Олар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және жалғызбасты қарттарға көмек көрсетеді. Сонымен қатар пробациялық есепте тұрғандарды қоғамдық жұмыстарға тартады. Осындай алғашқы кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, тәжік-ауған шекерасында әскери борышын өтегендер және Чернобыль апатын жоюға атсалысқан азаматтар шақырылды. Оқиға куәгерлері естеліктерімен бөлісті. Бұдан кейін олар Ақсу қаласында тұратын Валентина Романюктің үйіне барды. Тыл еңбеккерін Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Атап өтерлігі, еріктілер мен пробация қызметі жалғыз тұратын қарттарға аптасына бір мәрте азық-түлік, дәрі-дәрмектерін алып беретін болды. 

Валентина Романюк, тыл еңбеккері:

- Мен еңбекке ерте  араластым. Соғыс жылдары Украинада қызылша тердік. Шамамыз жеткенше істедік. Ал 1971 жылы тұрмыс құрдым. Өмір сүру өте қиын болған соң Қазақстанға қоныс аударуға шешім қабылдадық. Міне, сол жылдардан бері мен осында тұрамын. Балаларым болған жоқ. Өзім электрик болып еңбек еттім.

Әсемгүл Рахимова, Ақсу қаласының жастар бастамалары орталығының директоры:

- Біз мұндай шараларды жыл сайын өткіземіз. Биылғы жылы біз ұлттық волонтерлық орталықтың республикалық жобасына кірдік. Олар бізді қаржыландырып отыр. Енді жалғыз тұратын ардагерлерге тұрақты түрде көмек көрсететін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы