386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республикалық маңыздағы тасжол жөнделеді

  • 366
  • UPD: 11:32, 09.06.2018
Республикалық маңыздағы тасжол жөнделеді Фото: Отырар TV

Қарағанды облысында «Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда» автожолы қайта жөндеуден өтеді.

Биылғы жылы 3 миллиард теңгеге республикалық трассаның 200 шақырымы жөнделетін болды. Қайта қалыпқа келтірілген жолға екінші техникалық санат берілмек. Яғни жол жүк көліктерімен қоса, қарқынды көлік ағынына төтеп береді.

Айта кетейік, «Қызылорда – Павлодар» трассасының учаскесінде жол жөндеуді 10 есе арзандататын суық ресайклинг технологиясы қолданылуда.

Ардақ Мұқажанов, мердігер-компания басқармасының төрағасы:

– Суық ресайклингтің ерекшелігі – ең алдымен жылдамдығында. Он сағаттық жұмыс уақытында бір шақырымға дейінгі жерді жөндеуге болады. Бұл жөндеу уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бөлінетін қалдықтар шығарылымы да төмен. Ең бастысы бюджет қаржысын үнемдеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы