386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нөсер жаңбыр мен бұршақ семейліктерді әбігерге салды

  • 765
  • UPD: 21:17, 13.06.2018
Нөсер жаңбыр мен бұршақ семейліктерді әбігерге салды Караван

Семейде алай-дүлей дауыл соғып, нөсерлете жауын жауды.

Ізінше бұршақ құйып кетті. Жарты сағаттың ішінде қала көшелері көлге айналды. Әсіресе шаһардың сол жағалауында бірнеше шақырымдық көлік тығындары пайда болып, ел әбігерге түсті. Автобустар Әріп Тәңірбергенов көшесі мен Народный көшелерінің қиылысындағы ойға мол су жиналғандықтан, бірнеше сағат тұрып қалған. Кейбір тұрғындар көліктерін құтқару үшін тізеден су кешіп, әлек болды. Найзағай ойнап, көшедегі бірнеше бағдаршам да істен шыққан. Әуезов даңғылы мен Селевин көшесі де көл болып, автокөліктер ғана емес, жаяу жүргіншілер үшін де қозғалыс қиындады. Әзірге төтенше жағдайлар басқармасы нақтыланған ақпарат бермей отыр.

Хабар 24 телеарнасы