384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар республикалық бюджеттің игерілуіне қатысты сын айтты

  • 693
  • UPD: 22:46, 15.06.2018

Депутаттар Үкімет пен Есеп комитетінің «2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» есебін бекітті. Дегенмен, халық қалаулылары мемлекет қаржысының дұрыс игерілуіне қатысты сын айтты.

Үкімет басшысы айтылған пікірлердің биылғы жыл бюджетін іске асыру кезінде қаперге алынатынына сенім білдірді.

Ең алдымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламентке қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ-ның 5-миссиясының тізімі ұсынылды. Оны Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жариялады. Ұсыныста БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы, Ливан мен Батыс Сахарадағы миссиялары көрсетілген. Осы орайда депутаттар Елбасы ұсынысын қолдап, арнайы қаулы қабылдады.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Конингентті жіберу тек халықаралық қауіпсіздікті нығайу салмақты үлес қосып қоймай, жауапты мүшесі ретінде беделін нығайтады.

Кейін Конституциялық кеңестің жыл сайынғы Жолдауы жарияланды. Жиырма екінші Жолдауда Кеңес төрағасы Қайрат Мәми бірнеше ұсыныс жасады. Соның бірі - ана мен бала құқығын қорғау.

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:

- Сәбидің өмірге келуі мен бала ретіндегі дамуын босанғанға дейінгі - кепілдік беру қажет деп түсіндірді. 

2017 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі туралы есеп депутаттар мен Үкімет мүшелерінің арасында ұзақ талқыланды. Халық қалаулылары қазына қаржысының қалай, қайда жұмсалып жатқандығын майшаммен қарады. Қаржы министрі өткен жылы мемлекет қаржысы экономиканы көтеруге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталды деп бандама жасады. Сөзіне дәлел ретінде экономиканың өсуі 4 пайызды құрағанын тілге тиек етті.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Бюджеттің кірістері 9,7 трлн теңгеге жетті. Оның 48 пайызы трансферттерге келеді. Өткен жылы қабылданған Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жолымен бизнестің тұрақты дамуына, инвестицияларды ынталандыруға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. 

Үкімет мүшелері жиынға 5 қаруын сайлап келген. Депутаттардың сұрағына барын салып жауап беріп жатты. мәселен мәжілісмен Нұртай Сабильянов шағын және орта бизнестен түсетін салықтық түсімдерге неліктен мониторинг жүргізілмейтіндігін сұрады. 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Есеп комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы салықтық түсімдердің 44,2%-ы – тиісті тізбеге кіретін ірі салық төлеушілерден түскен түсімдер. Қалған 55,8%-ы барлық басқа салық төлеушілерге тиесілі. Өкінішке орай, Үкіметтің есебінде шағын және орта бизнестен түсетін салық түсімдері туралы бөлек деректер жоқ, бұл мониторингтің жоқ екенін білдіреді. Осыған байланысты шағын және орта бизнес қызметінен түсетін түсімдердің мониторингі неге жүргізілмейтіні жөнінде айтып беріңізші.Шағын және орта бизнестен түсетін салық түсімдерінің үлесі қандай?

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Соңғы 5 жылдың ішінде, шағын және орта бизнестің 2,5 есеге өсуін байқап отырмыз. Бұл өте жақсы, елеуі көрсеткіш деуге болады. Салықтық түсімдерге қатысты айтар болсам, біздің есептеуіміз бойынша олар өткен жылдың ішінде 10 пайызға өсті. 

Сенаторлардың да министрлер кабинеті жұмысына көңілдері толмайды. Әсіресе жоғарғы палата өкілдері Үкіметтің бюджетті жоспарлаудағы кемшілігін жіпке тізіп берді.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Салынған қаржы халықтың игілігіне жұмыс істеп, тиімді пайдаланылып жатыр ма? Бөлінген қаржы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарта алды ма? Біз мұны жеткілікті білмейміз. Өйткені біз күткендей нәтиже аз. Сапа бағасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің әдістемесі мен өлшемі әлі жасалмаған. Бюджеттік болжау цифрлармен көрсетілген мемлекеттің саясаты. Сондықтан да жоспарлау сапасын арттыру және басқару мәселелері бірінші кезекте шешілуі керек.

3 жарым сағатқа созылған жиын соңында депуттар Үкімет пен Есеп комитетінің есептерін бекітіп берді. Ал Бақытжан Сағынтаев айтылған сын-пікірлерді ескеретіндігін айтты.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Әнуар Тәуекелов, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы