386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА өкілдері: Түркістан өңіріндегі елді мекендер көркейеді

  • 637
  • UPD: 23:04, 20.06.2018
ҚХА өкілдері: Түркістан өңіріндегі елді мекендер көркейеді

Орта ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған тарихи қала - Түркістанның бүгінде аймақтық орталыққа айналуы өңірдің дамуына айтарлықтай серпін береді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, осындай пікірде. Киелі өңірде Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелерінен бөлек туристер үшін қызықты мекендер саны көп. «Дәл осы сала енді қарқынды дамып, ел экономикасының өркендеуіне, өзіндік үлес қосары сөзсіз» дейді Ассамблея өкілдері. 

Шерзод Пулатов, Астанадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы:

- Түркістаннан ағартушы, ойшыл Қожа Ахмет Яссауи шықты. Ол барлық Орталық Азия өңірі үшін ұстаз бола білген бірегей адам. Менің ойымша, бұл аймақта Қазақстан мен түркі халықтары үшін оңтайлы жайттар болады.

Анатолий Башмаков, ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

- Бұл жерде 90-нан астам ұлт өкілі тұрады. Одан бөлек Түркістан қаласы мәдени, тарихи, рухани мекен. Барша түркі халықтарына ортақ қала. Енді Түркістанның маңайындағы ауылдар мен елді мекендер де гүлденетін болады. Еліміздің туристік аймағының дамуына тағы бір серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы