365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-ға Германиядан 600 бас ірі қара әкелінді

  • 239
  • UPD: 07:35, 10.07.2018
СҚО-ға Германиядан 600 бас ірі қара әкелінді

Солтүстік Қазақстан облысына Германиядан симментал тұқымды 600 бас ірі қара әкелінді.

Мыңдаған шақырымнан жеткізілген сиырлар етті әрі сүтті бағытта. Жеке кәсіпкер оларды мемлекет қолдауының арқасында шетелден сатып алған. Оларды күтіп-баптау үшін арнайы мал кешенін де тұрғызды. Зеңгі баба төлдері бір айдан астам уақыт карантинге жабылып, солтүстіктің табиғатына бейімделетін болады. Қазір мұнда 30-ға тарта ауыл азаматы екі қолға бір күрек тапты. Болашақта тауарлы-сүт фермасын да ашу жоспарда бар.

Иван Зенченко, кәсіпкер:

- Алдағы уақытта әр сиырдан 25 литрден сүт алу оймызда бар. Яғни бастапқыда орта есеппен күніне 10-12 тонна ақты зауытқа жөнелтуді көздеп отырмыз. Бұл – шағын ғана ауыл үшін үлкен жоба.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында Жаңаөзен-Жетібай автожолы жаңғыртылуда Ақтөбе облысында өртенген автобустың иесіне халықаралық іздеу жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы