374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 15 пайызға артқан

  • 210
  • UPD: 19:46, 13.07.2018
Елімізде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 15 пайызға артқан

Соңғы 10 жылда мемлекеттік бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген науқастардың саны 15 пайызға артты.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде тұрғындарды тегін препараттармен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаржы 6,4 есе көбейген. Сондай-ақ министр биылдан бастап амбулаториялық дәрілерді сатып алудың орталықтандырылғанын жеткізді. Ал препараттарды онлайн сатуды жолға қоюдың нәтижесінде 23 миллиард теңге үнемделген.    

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Ең үлкен мәселе – хроникалық аурумен ауыратындар көп жағдайда тізімге кірмеген. Сондықтан оларға тегін дәрі-дәрмек жоспарланбаған. Екінші мәселе, жергілікті деңгейдегі қажетті қаржыландыру көлемі болмағандықтан көп жағдайда көп азаматтарға дәрі-дәрмек жетпеген. Биылғы жылдан бастап осы мәселелерді шешу шаралары енгізілуде.

Осы категория бойынша: « Шығыс Қазақстанда цифрландыру жүйесі әртарапты дамып келеді Елімізде бала жүрегінің қалқаншасына алғаш рет операция жасалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы