364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана үйлерінің шатырларына жылыжай орналастырылуы мүмкін

  • 265
  • UPD: 21:41, 16.07.2018

Астанадағы үйлердің шатырларына жылыжай орналастырылуы мүмкін.

Бұл инновациялық жоба «ақылды аудан» байқауының бас жүлдесін иеленді. Арқаның қақаған қысында, көктің ортасында күннің көзіне жылынып, көкөніс өсіру елордалық егде жастағы азаматтарға ұнайтынына жоба авторлары сенімді. Жылайжай орналасатын аудан да белгілі.

Үздік инновациялық жоба авторлары – қыздар. Астанада қараусыз қалған жерлерге жылыжай салуды ұсынды. Инновациялығы сол, мұнда жылуды сүйетін көкөніс пен гүлдер өсіріліп қана қоймай, қыстың күні жазды аңсап жүрген елордалықтар демала алады. Бұл әлеуметтік жоба саналады. Жылыжайдың қарауы, бүтін бір аудан тұрғындарына тапсырылмақ. Ал олар өз кезегінде өсірген өнімдерін сатып, қаржыны қажеттіліктеріне жұмсайды.

Зинаида Пак, жоба авторы:

– Астананың қысы ұзаққа созылатынын білесіздер. Сондықтан бізге қыстық урбанистика мен инфроқұрылымды дамыту керек. Сондықтан біз осы жобаны жасап шықтық. Қыстың күні адамдар жылы жерде жиналып, бос уақыттарын өткізіп, ортақ іспен айналыса алады. Бұл әсіресе зейнеткерлер үшін тиімді.

Мұндай жылыжайлар алдымен Астанада құрылатын «ақылды ауданда» салынбақ. Жаңа үлгідегі аумақта инновациялық шешімдердің соңғы үлгілері іске асады. Жаңашылдықты енгізуге «Астана Innovations» АҚ жауапты. Ал «болашақтың аралы» қаладағы «Жастар» атты шағын ауданда пайда болады.  

Олжас Сартаев, «Астана Innovations» АҚ басқарма басшысы:

– «Ақылды аудан» жобасы үш басты бағытты қамтиды. Бірінші смарт технологиялар, екіншісі урбанистикалық шешімдер, үшіншісі экологиялық жасыл шешімдер. Біздің басты мақсатымыз – осы жеңімпаздарды қолдау.

Жылыжайдан бөлек, автотұрақты жалға беру, IT технологиялардың инновациялық мектебі секілді жобалар үздік деп танылды. Озық ойлы жастар ақшалай сыйақыға және әкімдік пен инвестор қолдауына ие болмақ.

Авторлары: Мәншүк Мақсұтқызы

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында оқушыларға арналған тегін ІТ сыныптар ашылуда Қазақстандық үздік авторлардың туындылары БҰҰ-ның алты тіліне аударылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы