364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында лотос алқабы ашылды

  • 344
  • UPD: 09:38, 22.07.2018

Биыл Атырау облысы Құрманғазы ауданында лотос алаңы атты жаңа алқап ашылып, жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналды.

Батыс өңірде тек Қиғаш өзені бойында ғана өсетін бұл ғажайып гүл биыл ерекше жайқалып тұр. Лотос гүлі Қытайда, Жапонияда, Үндістанда қасиетті өсімдік саналады. Қалай дегенмен де тазалық пен әсемдіктің бейнесіндей өсімдік кімді болса да бейжай қалдырмайды. Биылдан бастап құрманғазылықтар айдын үстіндегі осынау әдемі алқапты туристік орынға айналдырмақ. 

Диана Ингильдинова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Ауасы да, табиғаты да тамаша жер екен. Мына қызыл гүлдерден тараған хош иіс бас айналдырарлықтай таза, табиғи. Осындай орындарды көргенде қаныңа қуат құйылып, бір жасап қаласың.

Осы категория бойынша: « Ақтауда ойын және спорт алаңдары жөнделіп жатыр Қостанай облысында жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатыр? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы