367,27 419.40 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеген қостанайлық өтемақы талап етті

  • 455
  • UPD: 15:56, 25.07.2018
Өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеген қостанайлық өтемақы талап етті Baq.kz

«Есірткі саудасына қатысы бар» деген жаламен сотталған қостанайлық өзінің қылмысы жоқ екенін дәлелдеп шықты.

Енді ол келтірілген залал үшін моральдық өтемақы талап етіп отыр.

Әулиекөл ауданы ІІБ тергеушісі ҚР ҚК 297-бабының тармағын негізге алып, азамат Х.-ның үстінен хаттама толтырады. Құжатта оның есірткі саудасымен айналысқаны көрсетіліп, ізін ала тергеу амалдары жүргізіледі. Жиналған дәйектер сотқа жолданып, 2016 жылы 6 қазанда Қостанай ауданаралық соты оның дүние мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады. Азамат Х. 17 ай, 7 тәулік уақытын темір торда өткізген.

Айыпталушы өз кінәсіздігін дәлелдеу мүмкіндігін шектеген сот актісін қайта қарау туралы ҚР Бас прокуратурасына өтінішхат жолдайды. ҚР Жоғарғы соты алқаларының қаулысымен 2018 жылдың 6 наурызынан бастап бірінші және апелляциялық инстанциялар үкімі өзгертілді: шағымданушыға кесілген үкім қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты заңсыз деп танылды. Сондай-ақ азамат Х. өзіне келтірілген залал үшін 2 млн теңге талап еткен. Сот іс материалдарын тергей келе Қаржы министрлігі өкілінен шағымданушының пайдасына 1 000 000 теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Авторы: Абылай Мауданов

Осы категория бойынша: « Еліміз халықаралық әскери ойындарға қатысады ШҚО-да суару арнасындағы су деңгейі көтерілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы