374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилиядағы Қазақстан елшілігінде Астананың 20 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

  • 173
  • UPD: 11:55, 30.07.2018

Бразилия Қазақ елінің даму тәжірибесін үйренуге дайын. Латынамерикалық мемлекет Астанаға ерекше мән беріп отыр.

Бразилиядағы Қазақстан елшілігінде Астананың 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтті. Шараға қатысушылар «ақылды қалаларды» дамыту бойынша өзара пікір алмасты. 

Астананың мерейтойы Бразилияда инновациялық түрде аталып өтіп, ел астанасындағы технологиялық паркте салтанатты шара өтті. Оны Қазақстан елшілігі және Бразилиа федералдық округінің әкімшілігі бірлесіп ұйымдастырды. Қонақтар Астананы мерейтойымен құттықтап қана қоймай екі шаһар арасындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Бұған дейін Қазақстанның бас қаласын мерейтойымен осы округтің басшысы Родриго Роллемберг құттықтап, Астананың халықаралық дипломатияның орталығына айналғанын атап өткен еді.

Марсело Боргес, Ғылым, технология және инновация департаментінің басшысы:

- Бразилианың жасы Астанадан сәл ғана үлкен. Бірақ тарихи тұрғыдан екі шаһар да жас. Дегенмен аз уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Осы тәжірибенің қыр-сырын біліп үйрену үшін ірі компаниялар мен мекемлердің өкілдері жиналып отыр. Мұнда Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері ғана емес BioTIC, Embrapa, ASTEPS секілді алыптардың да өкілдері бар. Бұл біздің Астананы қаншалықты құрметтейтінімізді және онымен жұмыс істеуге дайын екенімізді көрсетеді.

Басқосу екі астананың қарым-қатынасына негіз қалап қана қоймай, «ақылды технологиялар» саласында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жолдарын іздестіруге мұрындық болмақ. Осы ретте Бразилиа федералдық округінің әкімшілігі Астанамен бауырластық қатынас орнатуға дайын. Оның үстіне қос мемлекет те экономика, білім, мәдениет және инновация саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Қайрат Саржанов, ҚР-ның Бразилиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Қазір астана еліміздің символы мен мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырудың жемісті платформасына айналып, халықаралық дипломатия орталығы ретінде ролін нығайтуда. Жаңа технологиялар мен экономиканы цифрландыру заманында ақылды қалалар моделіне көшу тіпті өзекті. Ал Астана осы тұжырымдаманың Қазақстандағы үлгісі болып саналады.

Салтанатты шараға қатысушылардың көбі Қазақстанға келіп Астананың мерейтойын өз көзімен көріп қайтқандар. Олардың барлығы еліміздің бас қаласының қарқынды дамуы мен халықтың талпынысына тәнті болғандарын жасырмады. 

Авторлары: Анастасия Голец, Дмитрий Лукша, Жоэль Франзони

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында жараланған әскери қызметкер ауыр халде жатыр Қостанай облысында астан уланған кеншілерден сальмонеллез табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы