369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде әлем бойынша алғаш рет жасанды жүректің орнына донор жүрегі салынды

  • 349
  • UPD: 17:47, 01.08.2018

Отандық дәрігерлердің жаңа жетістігі. Қазақстанда бірегей операция жасалды.

Жасанды жүректің орнына донордың жүрегін салған қазақстандық мамандар әлемді аузына қаратты. «Отандық медицинаның жағдайы мүшкіл» деп баға беріп жүргендерді келесі бейнематериалға назар салуды ұсынымыз. Мәншүк Мақсұтқызы толығырақ.

Құнанбай Абраев 60 жасына дейін үш мәрте өмірге қайта келген азамат. Өткен жылдың аяғында отандық кардиохирургтер осы науқасқа алғаш рет жасанды жүрек имплантациясын жасап, өлімнен құтқарды. Ал таяуда зейнеткердің жасанды жүрегі донор жүрекке ауыстырылып, жаңа тынысы ашылды. Бұл әлемде алғаш рет жасалған трансплантация. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының мамандары халықаралық бағдарламаға қатысып, өлім аузында жатқан отандасымызды ажалдан аман алып қалды.

Юрий Пя, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Тоғыз ай бұрын жасанды жүрекпен жүрген Құнанбай Абыраевтың ағзасы донорлық жүректі қабылдауға дайын болмады. Жасанды жүрек салғаннан кейін оның бауыр, өкпе, бүйрек секілді органдарының функциясы жақсарды. Біз мұны имплантациядан кейін бірден байқадық. Үш айдан кейін оның өкпе артериясындағы қан қысымы да қалпына келді. Осындайда донорлық жүректі салуға болады. Сөйтіп, үш айдан кейін біз пациентке донорлық жүрек іздеуге кірістік.

Әлемде 10 адамның жүрегі жасанды болса, соның 3-еуі қазақстандық. Ауруханаға келгенде арбаға таңылған бұл азамат қазір жүреді, күледі, болашаққа жоспар құрады. Жасанды жүрек соғып тұр. Мұны біз де естідік.

Аманғали Токов, науқас:

- Бірден үйрендім мен реанимациядан шыққанда.

Тек бірнеше камераны көргеннен ба, ақсақал қобалжып кетті. Жүрек те мұны сезіп, белгі берді.

Мұндай жасанды жүректің құны 1 млн еуро. Ал қазақстандықтарға бұл операция тегін жасалады. Өйткені біздің елімізді еуропалық компания зерттеу қатысушысы ретінде таңдады. Тек бұл жүректің қолдану мерзімі шектеулі. 7 жыл. Ал донорлық елімізде әлі де дамымай келеді. Өз жақынының ішкі ағзасын өзгеге беруге келісетіндер санаулы. Біздің кейіпкеріміз Құнанбай Абраев донорды 9 жыл күткен. Қаршадай баласынан айырылған ата-ана осы ерлік қадамға барып, 4 адамның өмірін құтқарыпты. Ал дәрігерлер лаж болса жүрекке жара салмауға кеңес береді.

Авторы: Мәншүк Мақсұтқызы, Ербол Дайыров

Осы категория бойынша: « Бурабайдағы полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Отандық ғалымдар сутегі газын өндіруге дайындалып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы